Жиында ауыл әкімі А. Жылыбаев Конституция мемлекеттің негізгі құқықтық тірегі екенін атап өтіп, жаңа жобада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды нормалар қарастырылғанын айтты. Сондай-ақ тұрғындарды жалпыхалықтық маңызы бар құжатты талқылауға белсенді қатысуға шақырды.
Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Д. Тоқтуров Конституция жобасының ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлін атап өтті. Кездесу соңында тұрғындар пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.