Жиында ауыл әкімі Б.Қоңырбаев Конституция мемлекеттің негізгі Заңы екенін атап өтті. Ал ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Алтынбеков Ата Заң ел бірлігі мен тұрақтылығының кепілі екенін айтып, тұрғындарды ынтымақ пен ел дамуына үлес қосуға шақырды.
Кездесу соңында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасу өтті.