Танымал ақтөбелік емші Бағдагүл әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында көз жасына ерік беріп, халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Еске салайық, бұған дейін продюсер Баян Алагөзова мен журналист Динара Сәтжан емшіні өздеріне тіл тигізді деп сотқа берген болатын.
Тікелей эфирде Бағдагүл өзіне қатысты тараған жаңалықтарға наразылық білдіріп, эмоциясын жасыра алмады.
“Ұят емес пе жаңалықтардан ешқандай бітпеген, дәлелденбеген нәрсені бергендері? Көзіңнен жас шыққан жоқ дейді. Адамдар неге сондай қанішер? Құдай мені кешірсін! Маған көмектесіңдерші! Мен білмеймін не істерімді? Қайда бару керек айтыңдаршы. Ешкімге керексіз болып қалдым ба не? Бұл әйелдерден неге қорқасыңдар? Олар дұрыс адамдар емес! Қазақтың өміріне балта шабатын әйелдер! Мен саған жол бермеймін Баян!”, – деді ол.
Алайда желі қолданушылары емшінің бұл әрекетін түрліше қабылдады. Көпшілік оның көз жасына сенбейтіндерін айтып, пікірлер қалдырған.
“Неге еңіреп отыр? Өткенде арыстандай ақырып отыр еді”, “Актриса”, “Тіл өзімдікі деп сандырақтай беруге болмайды”, “Сценарийді күшті ойнайды екен” деген секілді пікірлер желіде жиі жазылуда.