Кеш барысында сахна төрінде аймақтың танымал өнерпаздары өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсіресе, Ернар Айдардың әсерлі әндері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, концерттің шырайын аша түсті.
Шара аясында Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары түсіндіріліп, алдағы референдумның маңыздылығы кеңінен айтылды. Ұйымдастырушылар жаңа Ата Заң елдің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Белсенді жастардың қатысуы саналы қоғамның айғағы екені айтылып, 15 наурызда өтетін референдумда әр азаматтың өз таңдауын жасап, дауыс беруі маңызды екені жеткізілді.