Танымал әнші Кенжебек Жанәбілов соңғы сұхбаттарының бірінде көпшілікті таңғалдырған отбасылық дерекпен бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесінің айтуынша, анасы өмірінде 18 рет құрсақ көтерген. Ал өзі сол балалардың 17-шісі екенін ашық айтқан.
Әнші балалық шағын еске алып, үлкен отбасының тіршілігі оңай болмағанын жеткізді. Оның сөзінше, үйдегі азық-түлік кейде ұзаққа жетпейтін кездер де болған.
«Бір қап ұн кейде бір аптаға да жетпей қалатын», – деген естелігі желі қолданушыларын таңғалдырды.
Көпшілік әншінің анасына деген құрметі мен төзімділігіне тәнті болып, мұндай аналарды нағыз батыр аналарға теңеп жатыр. Әлеуметтік желіде “Қазақтың қайсар аналары көп болсын”, “18 баланы тәрбиелеу – үлкен ерлік” деген пікірлер жазылуда.