Әкесіне еркелеп, құшақтап тұрған Алаудың видеосы желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Бүлдіршіннің әкесіне деген шынайы махаббаты мен мейірімі көптің жүрегін елжіретіп, көпшілік жылы пікірлерін жаудырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Аталған сәтті видеоға түсіріп тұрған апасы - Гүлзира Айдарбекова. Кадр сыртында ол әзілдеп: «Ей, мынау менің қызымды сүйіп жатыр ғой, ол менің қызым ғой», – деп, отбасылық жылы атмосфераны одан әрі жандандыра түскен.
Желі қолданушылары әке мен қыз арасындағы ерекше байланысты атап өтіп, «Нағыз әкелік мейірім», «Осындай сәттер көп болсын», «Көзге жас келді» деген секілді пікірлер қалдырған.
Бұл видео көпшілікке отбасының қадірін, әке мен бала арасындағы шексіз махаббатты тағы бір еске салған әсерлі сәттердің бірі болды.