Контентке өту

Қарақат Әбілдина қызы Аяламен сахнада көпшілікті сүйсінтті

Қарақат Әбілдина қызы Аяламен сахнада көпшілікті сүйсінтті
ашық дерек

Қарақат Әбілдина сахнаға қызы Аяламен бірге шығып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Анасы мен қызы қызыл түсті жарасымды костюм киіп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада олардың сахнадағы үйлесімі мен ерекше образы қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары Аяланың әкесіне қатты ұқсайтынын айтып, жылы пікірлерін жарыса жазған.

«Әкесінің аузынан түсіп қалғандай 😍», «Қарақат кезінде қызды болуды қатты қалаушы еді, қазір қызының қызығына тоймай жүр ғой», «Неткен әдемі жарасым!» деген пікірлер көптеп қалдырылған.

Көпшілік әсіресе анасы мен қызының сахнадағы еркін қарым-қатынасы мен стиль үйлесіміне тәнті болған. Аяла да сахнада өзін сенімді ұстап, көрерменнің назарын өзіне аудара білді.

Желіде тараған бұл сәт тыңдармандардың көңілін көтеріп, жылы эмоция сыйлады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты