Контентке өту

Қарақат Әбілдина тұңғышының үйленуіне қатысты пікір білдірді

Қарақат Әбілдина тұңғышының үйленуіне қатысты пікір білдірді
ашық дерек

Қазақстандық танымал әнші Қарақат Әбілдина ұлы Бекболат Болмановтың қашан үйленетіні туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі жұбайы Қыдырәлі Болманов екеуі бірге 1001 түн бағдарламасына қонақ болып, отбасы өміріне қатысты сұрақтарға жауап берген. Бағдарлама барысында көрсетілген естелік видеоны көрген әнші өткен күндерді сағынышпен еске алғанын жасырмады.

«Естелік видеоны көріп, жылағым келді. Жастық шақ бәрібір ыстық. Бейнежазбадағы ұлым қазір отау құратын жаста», – деді ол.

Сонымен қатар, Қарақат Әбілдина ұлының жеке өміріне қатысты шешімді өзі қабылдайтынын атап өтті. Оның айтуынша, отбасы кез келген уақытта қуанышты жаңалыққа дайын.

«Бұл сұрақты Бекболаттың өзіне қою керек. Біз дайынбыз. Жүрек әмір еткен кезде той болады», – деді әнші.

Өнер иесі отбасы бұл маңызды сәтті асықтырмайтынын, бәрі өз уақытында болатынын жеткізді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты