Контентке өту

Қазақстанда экологиялық саясаттың заманауи құралдары енгізілетін болады

Қазақстанда экологиялық саясаттың заманауи құралдары енгізілетін болады

ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының нормаларын экологиялық реттеу мәселелері бойынша жүзеге асыру жөнінде жоспарланып отырған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ол жаңа ережелер салалық заңнаманы жетілдіру және экологиялық саясаттың заманауи құралдарын енгізу арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті.

Министр ең маңызды бағыттарды бөліп көрсетті, соның ішінде:

  • Реттеудің алдын алу моделіне көшу. Ластану салдарын жоюдан экологиялық залалдың алдын алуға баса назар аударылады;
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың нормативтерді асырғаны үшін жауапкершілігін белгілей отыра, экологиялық жаңғыртуға бағытталған мониторингтің автоматтандырылған жүйелерін енгізу;
  • Экологиялық талаптарды өнеркәсіптік жоспарлау және басқару процестеріне біріктіруге мүмкіндік беретін кешенді экологиялық рұқсаттар жүйесін дамыту;
  • Өңірлерде қалдықтарды басқару саласындағы инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге бағытталған жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігін қолдануды жалғастыру жоспарлануда. Бұл бағыт 64 жобаны жүзеге асыруды көздейді, соның ішінде 90 млрд теңгеден астам сомаға 26 жоба қаржыландырылып, жүзеге асырылуда;
  • Экономикалық құралдарды кеңейту, атап айтқанда офсеттік шешімдерді, сондай-ақ экологиялық төлемдерді қолдану таза технологияларды енгізуді ынталандыруға мүмкіндік береді.

«Өткен жылдың соңында қалдықтардың барлық түрлерін басқару тұжырымдамасы қабылданғанын атап өту маңызды, бұл – бүкіл саланы жүйелейтін алғашқы бағдарламалық құжат», - деді Ерлан Нысанбаев.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты