Контентке өту

Референдум: сағат 12:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 37,54%-ы дауыс берді

Референдум: сағат 12:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 37,54%-ы дауыс берді
ашық дерек

Қазақстанда өтіп жатқан республикалық референдумда азаматтар белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша ел бойынша 4 677 595 азамат өз таңдауын жасап үлгерген. Бұл – жалпы дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 37,54 пайызы., деп хабарлайды baq-orda.kz.

Еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан референдум учаскелері таңғы уақыттан бастап жұмысын бастады. Дауыс беру учаскелерінде тұрғындарға барлық қажетті жағдай жасалған. Сонымен қатар, қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және көпбалалы аналарға ерекше көңіл бөлініп, олардың дауыс беруіне қолайлы жағдай қарастырылған.

Референдум учаскелерінде бақылаушылар мен комиссия мүшелері жұмыс істеп, дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етуде.

Айта кетейік, референдум учаскелері кешкі уақытқа дейін жұмысын жалғастырады. Азаматтар өздерінің тіркелген учаскелеріне барып, маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық позициясын білдіре алады.

Admin