Контентке өту

РЕФЕРЕНДУМ: САҒАТ 16:00-ДЕГІ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ДАУЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ 64,43%-Ы БЮЛЛЕТЕНЬ АЛДЫ

РЕФЕРЕНДУМ: САҒАТ 16:00-ДЕГІ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ДАУЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ 64,43%-Ы БЮЛЛЕТЕНЬ АЛДЫ
ашық дерек

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумға азаматтардың келуі туралы кезекті ақпаратты жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі дауыс берушілердің келуі төмендегідей болды:

Абай облысы – 69,29 %

Ақмола облысы – 71,33 %

Ақтөбе облысы – 77,65 %

Алматы облысы – 68,23 %

Атырау облысы – 64,33 %

Батыс Қазақстан облысы – 60,61 %

Жамбыл облысы – 70,31 %

Жетісу облысы – 68,50 %

Қарағанды облысы – 72,63 %

Қостанай облысы – 70,96 %

Қызылорда облысы – 82,02 %

Маңғыстау облысы – 68,19 %

Павлодар облысы – 68,41 %

Солтүстік Қазақстан облысы – 60,70 %

Түркістан облысы – 72,39 %

Ұлытау облысы – 66,50 %

Шығыс Қазақстан облысы – 78,98 %

Астана қаласы – 47,76 %

Алматы қаласы – 28,16 %

Шымкент қаласы – 72,61 %

Жалпы сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республика бойынша 8 029 286 азамат бюллетень алған. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 64,43 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де АҚШ пен Канададағы — Вашингтон, Нью-Йорк және Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғаны хабарланды.

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 18:00-де ұсынылады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты