Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауға тиiс, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі төмендегідей:
Абай облысы 75,45%
Ақмола облысы 79,82%
Ақтөбе облысы 87,05%
Алматы облысы 71,46%
Атырау облысы 74,04%
Батыс Қазақстан облысы 68,94%
Жамбыл облысы 85,06%
Жетісу облысы 78,49%
Қарағанды облысы 84,30%
Қостанай облысы 81,21%
Қызылорда облысы 93,04%
Маңғыстау облысы 77,89%
Павлодар облысы 75,51%
Солтүстік Қазақстан облысы 70,52%
Түркістан облысы 84,03%
Ұлытау облысы 73,15%
Шығыс Қазақстан облысы 86,42%
Астана қаласы 60,36%
Алматы қаласы 33,43%
Шымкент қаласы 75,82%.

Жалпы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республиканың 9 126 850 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызын құрады.