Контентке өту

Сәбиін көтеріп жүріп курьер болған ана желіні тәнті етті

Сәбиін көтеріп жүріп курьер болған ана желіні тәнті етті
ашық дерек

Әлеуметтік желі қолданушылары бір қолына сәбиін көтеріп, курьер болып жұмыс істеп жүрген әйелді іздеп жатыр. Оның фотосы Threads желісінде жарияланып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Суретті блогер Sasha Wu’style бөліскен. Оның айтуынша, ол әйелді Алматы қаласындағы Брусиловский көшесінде кездестірген. Фотода әйел бір қолына сәбиін көтеріп, арқасына ауыр сөмкесін асынып бара жатқан сәті бейнеленген.

Блогер кейіннен сол сәтте әйелге көмек ұсына алмағанына өкініп отырғанын жазған.

Жазба жарияланғаннан кейін желі қолданушылары курьер ананы тауып, қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. Көпшілік оның өмірлік жағдайына бейжай қарай алмайтынын айтып, көмектескісі келетінін жеткізген.

Алайда көп ұзамай бұл жағдайды алаяқтар өз пайдасына қолдана бастаған. Белгісіз адамдар әйелдің атынан ақша жинау әрекетіне көшіп, оның суретін жасанды интеллект көмегімен өңдеп, әлеуметтік желілерде көмек сұраған жазбалар жариялаған.

Осыған байланысты желі қолданушылары ресми ақпаратқа ғана сенуге және қаржылай көмек көрсетпес бұрын мәліметтердің шынайылығын мұқият тексеруге шақыруда.

Қазіргі уақытта көпшілік курьер ананың нақты кім екенін анықтап, оған тікелей көмек көрсету жолдарын қарастырып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты