Контентке өту

Саудакентте жалпыұлттық референдумға қатысты түсіндіру кездесуі өтті

Саудакентте жалпыұлттық референдумға қатысты түсіндіру кездесуі өтті
Мемлекет басшысы жариялаған жалпыұлттық референдум қарсаңында ҚР Сенаты депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сакен Арубаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, Саудакент ауылында тұрғындармен кездесті. Жиынның басты мақсаты – алдағы референдумның маңызын түсіндіру және жаңа Заң жобасының негізгі бағыттарын халыққа таныстыру.

Кездесу барысында сенаторлар жаңа заң жобасында жеке өмір мен дербес деректерді қорғауға ерекше мән берілгенін атап өтті. Цифрлық кеңістіктегі қауіптердің артуына байланысты азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау тетіктері күшейтіліп, заңсыз қол жеткізуге жол бермеу көзделген.

Депутаттар бұл нормалар азаматтардың цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалануына мүмкіндік беріп, ақпараттық қауіпсіздік пен құқықтық қорғанысты нығайтатынын айтты. Сондай-ақ тұрғындарды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты