Контентке өту

СІМ: 12,7 мың қазақстандық референдумда шетелден дауыс берді

СІМ: 12,7 мың қазақстандық референдумда шетелден дауыс берді
ашық дерек

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдум аясында шетелде ашылған барлық референдум учаскелері өз жұмысын толық аяқтады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, әлемнің 54 мемлекетінде Қазақстан азаматтары үшін барлығы 71 референдум учаскесі ұйымдастырылған. Аталған учаскелерде дауыс беру белгіленген уақытқа сәйкес өтіп, барлық процестер заң талаптарына сай жүргізілген.

Ресми деректерге сәйкес, шетелде жүрген 12 740 Қазақстан азаматы референдумда дауыс берген. Бұл көрсеткіш дауыс беруге тіркелген азаматтардың 88,6 пайызын құрайды.

Сыртқы істер министрлігі шетелдегі референдум учаскелерінің жұмысы дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің базасында ұйымдастырылғанын атап өтті. Азаматтардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалып, референдум ашық әрі ұйымдасқан түрде өткен.

Еске сала кетейік, республикалық референдум Қазақстан Конституциясының жаңа жобасын қабылдау мәселесіне арналған. Дауыс беру ел аумағында да, шетелдегі қазақстандықтар үшін де бір мезгілде ұйымдастырылды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты