Контентке өту

Шиналарды қайта өңдеу: «Жасыл даму» АҚ қолдауымен «Таза Қазақстан» аясындағы маңызды жоба

Шиналарды қайта өңдеу: «Жасыл даму» АҚ қолдауымен «Таза Қазақстан» аясындағы маңызды жоба

Қостанай облысы, Рудный қаласында «Еділ и компания» ЖШС-нің пайдаланылған автомобиль шиналарын қайта өңдеу зауыты іске қосылды. Жоба «Жасыл даму» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып, еліміздегі экологиялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жобаның жалпы құны 354,5 млн теңгені құрайды. Қаржыландыру кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен қамтамасыз етілді. Кәсіпорын пайдаланылған шиналарды қайта өңдеу арқылы қалдықтарды тиімді басқару жүйесін дамытуға үлес қосады.

Аталған жоба «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында іске асырылып, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыруға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

«Жасыл даму» АҚ алдағы уақытта да «жасыл» экономиканы дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларды қолдауды жалғастырады. 

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты