Контентке өту

Таразда кәсіпкер Алмас Қырықбаев ұсталды: жұмбақ өлім ісі тексерілуде

Таразда кәсіпкер Алмас Қырықбаев ұсталды: жұмбақ өлім ісі тексерілуде
ашық дерек

Тараз қаласында белгілі кәсіпкер әрі меценат Алмас Қырықбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті журналист Михаил Казачков өзінің Telegram арнасында жариялаған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алдын ала деректерге сәйкес, құқық қорғау органдары Алмас Қырықбаевтың 35 жастағы кәсіпкер Елнұр Маймаковтың жұмбақ өліміне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Марқұмның денесі жуырда Тараз қаласынан табылғаны хабарланды. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталу үстінде.

БАҚ мәліметінше, Қырықбаевтар әулеті бұған дейін де түрлі даулы оқиғалармен байланыстырылып келген. Олардың есімі қылмыс әлемінде де аталып жүр.

Айта кетейік, Алмас Қырықбаев 2023 жылы да ұсталған болатын. Ол 2007 жылы жергілікті компания директорынан 10 мың доллар бопсалады деген күдікке ілінген. Алайда ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген. Кейін есімін Мадияр Өскінбаев деп өзгертіп, Біріккен Араб Әмірліктеріне кетіп қалғаны белгілі. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

Кейін ұсталған соң, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылғаны да айтылды.

Қазіргі таңда Алмас Қырықбаевқа қатысты жаңа деректер тексеріліп жатыр. Құзырлы органдар тергеу нәтижесі бойынша ресми мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты