Контентке өту

Таразда «Таза Қазақстан» аясында 10 мың түп ағаш отырғызылды

Таразда «Таза Қазақстан» аясында 10 мың түп ағаш отырғызылды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпыхалықтық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сенбілік аясында «Қызылабад» алқабына 10 мың түп қаратал егілді. Жалпы, биыл бұл аумақта 20 мың түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Игі шараға 600-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында түрлі мекеме қызметкерлері, жастар және қала тұрғындары бар.

Сондай-ақ, «Қарасу-2» каналының бойында тазарту жұмыстары жүргізіліп, аумағы ретке келтірілді. Қала тұрғындары қоқыстарды жинап, қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосты.

Айта кетейік, мұндай игі бастамалар облыстың барлық аудандарында жалғасын тауып, өңірде «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүзеге асуда.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты