Контентке өту

Таразда жалпықалалық сенбілікке 5 мыңға жуық адам қатысты

Таразда жалпықалалық сенбілікке 5 мыңға жуық адам қатысты

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Тараз қаласында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Өңір басшысы «Ұлы дала» шағынауданындағы «Үшбұлақ» каналының бойын және оған жақын аумақтарды тазалауға белсенді жастармен бірге атсалысты.

Сенбілік барысында облыс әкімі қоршаған ортаның тазалығын сақтау әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, өз аумақтарының тазалығы мен көріктенуіне үлес қосуға шақырды.

Айта кетейік, облыста елді мекендерді санитарлық тұрғыдан ретке келтіру және абаттандыру мақсатында 5 қыркүйек пен 31 қазан аралығында күзгі екі айлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында көшелер, аулалар, қоғамдық орындар, саябақтар мен оларға іргелес аумақтар тазартылып, абаттандыру жұмыстары атқарылуда.

Бүгінгі жалпықалалық сенбілікке 5 мыңға жуық тұрғын қатысып, 25 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 150 тонна қоқыс шығарылды.

Жалпы жыл басынан бері облыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстарға 79,7 мың адам және 2,1 мыңнан астам кәсіпорын мен мекеме атсалысты.

Осы уақыт аралығында өңірде 48,5 мың түп жасыл желек отырғызылып, 5,5 мың шақырым көше жолы, 950 шақырым арық пен канал жүйесі, сондай-ақ 750,4 мың шаршы метр саябақтар мен скверлер аумағы тазартылды.

Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша облыс аумағынан 12,1 мың тонна күл-қоқыс шығарылды.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты