Контентке өту

Таразда жаңа жасыл аймақ: сакура ағаштары отырғызылады

Таразда жаңа жасыл аймақ: сакура ағаштары отырғызылады

Тараз қаласында көгалдандыру бағытындағы кезекті маңызды жоба қолға алынды. Қала аумағын жасыл желекпен толықтыруға бағытталған бастама аясында «BI Group» құрылыс компаниясы шаһарға 100 түп сакура ағашын тарту етті. Бұл - тек сәндік тұрғыдан ғана емес, экологиялық маңызы бар қадам., деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сакура көшеттерінің тұқымы Бельгиядан жеткізілген. Одан кейін олар Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайына бейімделуі үшін Шымкент қаласындағы «Ақ қайың» жылыжайында арнайы өсірілген. Мұндай тәсіл көшеттердің жерсіну деңгейін арттырып, олардың өңір климатына төзімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоспарға сәйкес, сакура ағаштары Тараздың көрнекті орындарының бірі - Жамбыл Жабаев ескерткіші маңына отырғызылады. Алдағы уақытта бұл аумақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше тартымды демалыс орнына айналуы ықтимал. Көктем мезгілінде қызғылт түске боялған сакура гүлдері шаһардың ажарын аша түсіп, жаңа бір көркем кеңістік қалыптастырады.

Жалпы, мұндай бастамалар Тараздың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі. Қала аумағындағы жасыл желек көлемін арттыру - бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Ал сакура ағаштарының отырғызылуы осы бағыттағы нақты әрі көрнекі қадам ретінде бағаланары сөзсіз.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты