Контентке өту

«Таза Қазақстан» бастамасы – экологиялық жауапкершілікті конституциялық деңгейде бекіту

«Таза Қазақстан» бастамасы – экологиялық жауапкершілікті конституциялық деңгейде бекіту

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қоршаған ортаны қорғау нормалары жаңа Конституцияда бекітілгенін және экологиялық жауапкершілік негізгі конституциялық қағидатқа айналытынын атап өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

«Қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау нормалары Ата заң деңгейінде бекітілді. Оларды іске асыру Президентіміздің экологиялық ахуалды жақсартып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздейтін «Таза Қазақстан» бастамасын қолдауға бағытталған. Бұл орайда экологиялық жауапкершілік нақты құқықтық міндеттемелермен бірге негізгі конституциялық қағидатқа айналады. Экология министрлігі 1 сәуірге дейін Экологиялық кодекске тиісті түзетулерді Парламентке енгізсін», - деп атап өтті Премьер-министр.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты