Контентке өту

«Тупорылые мамбеты» деген алматылық әйел жұмыстан қуылды

«Тупорылые мамбеты» деген алматылық әйел жұмыстан қуылды
ашық дерек

Алматы тұрғыны Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлап пікір жазғаны үшін жұмысынан айырылды, деп @ztb_qaz телеграм арнасына сілтеме жасап деп хабарлайды baq-orda.kz.

Белгілі болғандай, қала тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде Желтоқсан тақырыбындағы жазбаның астына өрескел пікір қалдырған. Ол өз жазбасында қатысушыларды «тупорылые», «мамбеттер» және «ауылдан келгендер» деп кемсіткен.

Бұл пікір желі қолданушыларының ашуын туғызып, қызу талқыға түсті. Көпшілік мұндай сөздерді ұлтқа, тарихқа және Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға деген құрметсіздік деп бағалады.

Нәтижесінде, қоғам тарапынан қысым күшейіп, аталған әйелдің жұмысынан қуылғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Желтоқсан оқиғасы – Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл оқиға ел тәуелсіздігі жолындағы алғашқы қадамдардың бірі ретінде бағаланады.

Қоғамда мұндай жағдайлар ұлттық құндылықтар мен тарихи оқиғаларға құрметпен қарау қажеттігін тағы бір еске салды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты