Контентке өту

Халықаралық балаларды қорғау күні: Ақордаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар шақырылды

Халықаралық балаларды қорғау күні: Ақордаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар шақырылды
ашық дерек

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақорда резиденциясы еліміздің барлық өңірінен келген 100 оқушыға есігін ашты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Президент резиденциясына пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың лауреаттары арнайы шақырылды.

Экскурсия барысында оқушыларға Ақорданың салыну тарихы, ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері мен оның мемлекеттік маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді.

Жеткіншектер ресми қабылдаулар өтетін залдарды аралап, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысты. Сондай-ақ олар резиденция аумағындағы бақта серуендеп, еліміздің басты мемлекеттік нысандарының бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Іс-шара барысында балалар Қазақстан тарихы, Тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері мен ұлттық құндылықтардың маңызы туралы тың мәліметтер алды.

Танымдық экскурсия соңында оқушыларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, мұндай шаралар жас ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік рухын нығайтуға бағытталған.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты