Контентке өту

ЖАЛҒАН БОМБА – ЖАЙ ОЙЫН ЕМЕС: ЗАҢ ҚАНДАЙ ЖАЗА ҚАРАСТЫРАДЫ?

ЖАЛҒАН БОМБА – ЖАЙ ОЙЫН ЕМЕС: ЗАҢ ҚАНДАЙ ЖАЗА ҚАРАСТЫРАДЫ?

Қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында немесе білім беру мекемелерінде «бомба қойылды» деп жалған ақпарат тарату - ауыр заң бұзушылық. Жуырда жарияланған ақпараттық бейнероликте тәртіп сақшылары мұндай «әзілдің» соңы қандай зардаптарға әкелетінін ескертті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік Заң бойынша, жалған ақпарат таратқаны үшін алдымен әкімшілік жаза қолданылады. Бұл - 20 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу. Алайда, егер бұл әрекет қоғамдық тәртіпті бұзып, ауыр зардаптарға соқтырса, қылмыстық іс қозғалып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Шығынды өтеу - міндет Тәртіп бұзушы тек бостандығынан айырылып қана қоймайды, сонымен қатар барлық материалдық шығынды өз қалтасынан өтеуге міндеттеледі. Бұған арнайы қызметтердің (полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру) шығындары мен нысанның бос тұруынан келген залалдар жатады. 

Мамандар азаматтарды жауапкершілікті сезінуге және заң алдында «ойнап айттым» деген уәждің жүрмейтінін түсінуге шақырады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты