Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жамбыл ауылдық округінде абаттандыру және тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Іс-шараға ауылдық округ әкімшілігі мен мекеме қызметкерлері қатысып, жол бойындағы ағаштардың бұтақтарын ретке келтіріп, түптерін әктеді. Сонымен қатар жол жиектері қоқыстардан тазартылып, аумақтың көркін жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің көркін арттыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Ауылдық округ әкімдігі туған жердің тазалығы мен көркеюі әрбір тұрғынның жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті. Осындай ортақ бастамалар арқылы ауылды таза әрі жайлы мекенге айналдырып, келер ұрпаққа көрікті орта қалдыру көзделген.
Тазалық жұмыстарына белсене қатысып, ауылдың дамуына үлес қосқан мекеме басшылары мен қызметкерлеріне алғыс білдірілді.