Контентке өту

Жамбыл облысында мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі артып келеді

Жамбыл облысында мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі артып келеді

Жамбыл облысында мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейін арттыру және балабақша жүйесін цифрландыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Бүгінде өңірдегі 661 мектепке дейінгі ұйымда 66 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Соңғы жылдары мемлекеттік қолдау мен жүйелі жұмыстардың нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиенің қолжетімділігі айтарлықтай артқан.

Қазіргі таңда 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетті. Бұл өңірдегі балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы маңызды көрсеткіштердің бірі.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар толық автоматтандырылып, ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшірілді. Бұл жүйе білім беру саласындағы қаржыландырудың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Балабақшаларда Face ID технологиясының енгізілуі де цифрландырудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып отыр. Жаңа технология ата-аналар үшін қолайлы жағдай жасауға және мектепке дейінгі ұйымдардағы процестердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды одан әрі арттыру мақсатында жекеменшік секторды дамытуға да көңіл бөлінуде. Бүгінде 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесі 98,9 пайызға жетті.

Өңірде жалпы білім беру, мектепке дейінгі тәрбие, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 340 мыңға жуық бала қамтылған. Бұл ретте білім саласында 40 мыңға жуық педагог еңбек етуде.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудағы басты мақсат – әр баланың сапалы тәрбие мен білім алуы үшін қолжетімді әрі заманауи жағдай қалыптастыру.

Алдағы уақытта да мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану және балаларды балабақшамен қамту деңгейін сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты