Жаңа Конституцияда білім беруді, ғылымды, инновациялар мен технологияларды дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы ретінде бекітілген. Бұл туралы Үкіметтің отырысында ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Министр бастауыш білімге дербес мәртебе беру – адами капиталды қалыптастырудың және әрбір баланың сапалы білім алуына тең қол жеткізудің тікелей мемлекеттік кепілі, ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық тұрақтылық пен елдің тұрақты дамуының іргетасы екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру жүйесі әлемдік экономиканың терең трансформациясы, қарқынды технологиялық прогресс және демографиялық өзгерістер уақытында дамып келеді. Жаһандық болжамдар тез өзгеретін еңбек нарығына дайындалу қажеттілігін көрсетеді. Дүниежүзілік экономикалық форум мен ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, қазіргі мектеп оқушыларының 60%-ы бүгінде енді пайда болып жатқан немесе әлі жоқ кәсіптерде жұмыс істейтін болады.
Спикер кәсіби дағдыларды жедел жаңарту қосымша факторға айналатынын айтты. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, 2030 жылға қарай бүкіл әлем бойынша еңбек етіп жүрген адамдардың 50%-дан астамы үшін экономиканы автоматтандыру және цифрландыру салдарынан кәсіби құзыреттіліктерін елеулі түрде жаңартуға тура келеді болады.
«Жалпы, жаңа Конституция білім беру мазмұнын жүйелі түрде жаңартуға мүмкіндіктер ашады. Бұл өзгерістер мектепке дейінгі, мектептегі, техникалық және кәсіби, сондай-ақ қосымша білім беру және тәрбие жұмысы жүйесінен бастап барлық білім беру контурын қамтитын болады», - деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.