Контентке өту

Жәнібек анасына қатысты жаңа деректер шықты: іздеу әлі жалғасып жатыр

Жәнібек анасына қатысты жаңа деректер шықты: іздеу әлі жалғасып жатыр
ашық дерек

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетел асырап әкеткен Жәнібекке (Jani Saveliev) қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Ол туған анасын іздеу жұмыстарын әлі де тоқтатпағанын айтып, соңғы уақытта үміт сыйлайтын тың деректер табылғанын жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жәнібек бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, анасына деген сағынышын жасырмады. Оның айтуынша, бұл іздеу өзі үшін өміріндегі ең маңызды әрі ең ұзақ жолдардың біріне айналған.

Сондай-ақ ол анасын іздеу барысында өзіне қолдау көрсетіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Олардың қатарында қоғам белсенділері мен заңгерлер де бар екенін атап өтті.

«Сәлеметсіздер ме, қымбатты отбасым мен достарым. Бұл менің сіздермен бөліскім келген жүрекжарды жеке жаңалығым. @kymbatdoszhan , @meir_halyq_zangeri және тағы да көптеген жақсы адамдармен бірге біз әлі күнге дейін анамды іздеуді жалғастырып келеміз. Бұл іздеу ұзаққа созылып жатыр және әлі де қанша уақыт жалғасатынын білмеймін. Мүмкін әлі ұзаққа созылар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада нәтижесін берер. Соңғы уақытта біз үміт сыйлайтын көптеген іздерге де кезіктік. Біліп жүріңіздер, мен күн сайын сіздердің әрқайсыңызды да, анамды да ойлаймын. Барлығыңызға тек жақсылық тілеймін», – деп жазды Жәнібек.

Айта кетейік, Жәнібек бірнеше жылдан бері өзінің туған анасын іздеп келеді. Оның тағдыры әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен талқыланып, көпшілік тарапынан қолдау тауып жүр. Соңғы жарияланған мәліметтер көпшіліктің үмітін қайта оятты.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты