Жетісу облысында жер сілкінісі тағы да тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Ведомствоға қарасты «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС (СБЗҰҒО) сейсмикалық станциялар желісі 31 наурыз күні сағат 13:23-те жер сілкінісін тіркеген.
Мамандардың мәліметінше, жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Есептік қарқындылық бойынша:
Жаркент қаласында – 2 балл тіркелген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тұрғындардан 112 нөміріне ешқандай қоңырау түспеген. Бұл жер сілкінісінің әлсіз болғанын көрсетеді.
Айта кетейік, бұл — осы өңірде соңғы тәулікте тіркелген үшінші жер сілкінісі. Бұған дейін 31 наурызға қараған түні магнитудасы 4,4 болатын жерасты дүмпуі болған.
Ал екінші жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 11:11-де тіркелді. Оның эпицентрі Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 52 шақырым жерде орналасқан. ТЖМ аталған дүмпудің күші жөнінде тиісті мәліметтерді жариялаған.
Қазіргі таңда жағдай тұрақты, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген.