Аталған норма Конституция жобасының «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын XI бөлімінде жазылған.
«1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатады.
Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс», – делінген 95-бапта.
Бұл өзгерістер жаңа Конституциялық нормаларға көшу кезеңін реттеуге бағытталған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай өтпелі ережелер мемлекеттік басқару жүйесін жаңа құқықтық талаптарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.