Жиын барысында жаңа Конституция жобасында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, қоғамдағы тәртіп пен тәрбиені нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылғаны айтылды. Құжатта ел дамуының тұрақтылығы мен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар жүйелі нормалар қамтылғаны атап өтілді.
Кездесу ашық форматта өтіп, еңбек ұжымы өкілдері өз пікірлерін білдіріп, сауалдарын жолдады. Қатысушылар алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін айтып, белсенді қатысуға шақырды.