Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты жаңалығымен бөлісіп, әлеуметтік желіде сүйіктісі Муминамен бірге түскен суретін жариялады. Әнші жазбасында алдағы қуанышты сәтке ишара жасап, оқырмандарына әзіл аралас үндеу қалдырған, деп хабарлайды baq-orda.kz.
“Тойға киетін көйлек алып, дайындала бересіздер”, – деген сөзі бірден желі қолданушыларының назарын аударды. Көпшілік мұны алдағы үйлену тойының белгісі ретінде қабылдап, қызу талқылай бастады.
Алайда желіде тек құттықтаулар ғана емес, түрлі пікірлер де пайда болды. Кейбір қолданушылар жұптың сырт келбетіне қатысты сын айтып, жағымсыз пікірлер қалдырған.
Өз кезегінде Жігер бұл сындарға жауап беріп, ойын ашық жеткізді. Ол адамның қадірі сырт келбетпен емес, ой деңгейімен өлшенетінін меңзеп:
“Тұқымның майдалануы бойға байланысты емес, бәлкім ойдың қысқалығынан шығар. Тұқымға күмән келтірмеңіздер”, – деп жазды.
Әншінің бұл жауабы әлеуметтік желіде кең таралып, қызу пікірталас тудырды. Бірі қолдаса, енді бірі қарсы пікір білдіруде. Ал Жігер Ауыпбаевтың жеке өміріндегі бұл жаңалық әзірге көптің назарынан түспей тұр.