Контентке өту

Жұлдыз Әбдікәрімова сән көрсетілімінде көпшілікті тәнті етті

Жұлдыз Әбдікәрімова сән көрсетілімінде көпшілікті тәнті етті
ашық дерек

Қазақстандық актриса, танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова сән көрсетілімінде подиумға шығып, желі қолданушыларының ерекше ықыласына бөленді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Көпшілікке танымал актриса бұл жолы модель ретінде бой көрсетіп, отандық танымал брендтің сәнді киімін киіп, подиумда сенімді жүрісімен көзге түсті.

Желі қолданушылары Жұлдыздың образын жоғары бағалап, оның сымбаты мен өзін ұстау мәнеріне тәнті болған.

Пікір қалдырушылардың бірі:

«Қандай мүсін, қандай нық жүріс! Нағыз ханшайым», – деп жазса,

тағы бірі:

«Бес баланың анасы деп ешкім айтпайды. Өте сұлу әрі жарасымды», – деп пікір білдірген.

Сондай-ақ оқырмандар актрисаның кез келген стильде жарасымды көрінетінін айтып, оның табиғи сұлулығы мен ерекше харизмасын атап өтті.

Жарияланған видео мен фотолар әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар тарапынан көптеген жылы лебізге ие болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты