«Астана» UEFA Конференция лигасынан шығып қалды

0 15

Елордалық команда бүгін өз алаңында Польшаның «Ракув» клубын қабылдады.

 

Екі команда арасындағы кездесудің тағдыры алғашқы ойында шешіліп қойған секілді. «Астана» сырт алаңда 0:5 есебімен есе жіберіп қойған еді.

 

Сондықтан бүгінгі ойында қазақстандық клуб кем дегенде бес доп айырмасымен жеңіске жету қажет болатын.

 

Соған қарамастан олардың тарапынан белсенділік байқала қойған жоқ. Қарсылас команданы тықсырып ойнауға мүмкіндігі болған жоқ. Есесіне польшалық футболшылар жасыл алаң төрінде сауатты қимылдай білді. Нәтижесінде олардың тарапынан Владислав Кочергин 16-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

 

Екінші кезеңде де ойын барысында айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Доп негізінен алаң ортасында болды. Таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

 

«Астана» қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

 

Дәл қазір Алматының «Қайраты» және венгриялық «Кишварда» командасының бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге қазақстандық клуб қарсыласына 0:1 есебімен жеңіліп жатыр. Екі команда арасындағы алғашқы ойында «Кишварда» дәл сол есеппен басым түскен еді.

 

Сондай-ақ, 28 шілдеден 29 шілдеге қараған түні сағат 00:30-да Хорватияда «Осиек» пен «Кызылжар» ойнайды. Алғашқы кездесу 2:1 есебімен «Осиек» командасының басымдығымен аяқталды.

 

Еске салсақ, әзірге қазақстандық клубтар қатарынан «Тобыл» ғана үшінші іріктеу сатысына жолдама алды. Қостанайлық клуб екі ойынның нәтижесімен (2:0, 1:0) Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасын орта жолда қалдырды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.