Атырауда мектеп түлектері суға батып кетті

0 15

Қайғылы оқиға кеше кешкі мезгілде Геолог шағынауданында болған деп хабарлады turkystan.kz.

Екі жасөспірімнің денесі әлі табылмай жатыр. Олар суға түсуге тыйым салынған аумақта шомылған деп жазды AtyrauPress. Екеуі бір-біріне немере бауыр болып келеді екен. Бірі – 15, екіншісі – 16 жаста. Бәрі 14 жастағы інісінің көз алдында болған. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Полиция басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, 1 маусымнан бастап суға шомылуға рұқсат етілмеген аумақтарда алдын алу жұмыстарын жүргізбекші. Өз кезегінде облыстық Полиция департаментінің мамандары тұрғындарды суға шомылу кезінде сақ болуға және белгіленбеген жерде суға түспеуге шақырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.