Ауылдағы кәсіпкерліктің адымы ашылып келеді

0 12

Жамбыл облысының шағын және орта ауылдары тұрғындарының табысын арттыруды дамыту мақсатында, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік қызметке тарту және жаңа жұмыс орындарын құру, сондай – ақ, тауық өнімдерін импортты алмастыру мақсатында, Жамбыл облысында «Атамекен «Тараз» ШҚҰ қолдауымен «ECO Chicken» құс фермасы жобасы іске асырылуда.

Бүгінгі күні Қордай ауданында 14 ферма жұмыс істейді, оның ішінде 8 ферманың құрылысы «Атамекен «Тараз» МҚҰ арқылы қаржыландырылды, қосымша 6 ферма кәсіпкердің өз қаражаты есебінен салынды.

Облыс әкімінің қолдауымен Жамбыл облысының Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарында жобаны кеңейту жұмыстары басталды.

Облыс әкімі «Тараз «ӘКК» АҚ-ға 2,5% – бен, 33 ферма салу үшін 300,0 млн.теңге көлемінде қаражат бөлу туралы тапсырма берді.

«Қордай Жем» ӘКК ӨК айналым қаражатына 100,0 млн.теңге көлемінде 0,001%-бен қаражат бөлінетін болады.

Сондай-ақ, Палата аридтік өңірлерде құдықтар мен ұңғымалар құрылысын субсидиялау мәселесін көтеруде.

Бүгінгі таңда бұл мәселе, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының бақылауында.

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен-Тараз» микроқаржы ұйымына 1,8 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Бүгінгі таңда, 306 жоба 1,6 млрд. тг. сомасына қаржыландырылып, игерілуде.

Бұдан бөлек, 2022 жылы келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз, атап айтқанда:

– «Елішілік құндылықтар мен импортты алмастыруды дамыту» бағдарламасы шеңберінде жергілікті қамту үлесі жөніндегі комиссияның жұмысын күшейту;

– мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамту үлесін ұлғайту;

– жергілікті отандық тауар өндірушілердің Мемлекеттік сатып алуға қатысуын күшейту;

– өңдеу секторының зәкірлік кәсіпорындарының айналасында шағын орта бизнес белдеуін құру;

– етті құс шаруашылығын дамыту бойынша «Eco Chicken» жобасын облыс бойынша масштабтау;

– лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен қаржыландыру;

– салалар бөлінісінде бизнестің жүйелі проблемаларын анықтау және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында жергілікті қадағалау және құқық қорғау органдарымен тығыз өзара іс-қимылды күшейту;

– ашық диалог құру мақсатында облыстың жергілікті атқарушы органдарымен және бизнесімен кездесулер ұйымдастыру;

– инвестициялық жобаларды сүйемелдеу;

– кәсіпкерлікті дамыту кезінде туындайтын кедергілерді анықтау бойынша талдау жүргізу!

Алдағы уақытта, Кәсіпкерлер палатасы жоғарыда аталған бағыттарды бастамаға ала отырып жұмыстарды жалғастыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.