Білім саласында 30 жылдан астам еңбек еткен ұстаз «Еңбек ардагері» медалін алады

0 123

Білім саласында 30 жылдан астам жұмыс өтілі бар ұстаз «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагогтарды марапаттау тетіктерін өзгерту мәселесі пысықталып жатыр. «Марапат өз иесін табады» халық даналығы бар. Мұғалім қоғамның басты тұлғасына айналуға тиіс. Қазақтың ұлы ағартушы ақыны Мағжан Жұмабаев «Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деп айтып кеткен», – деді министр Білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Оның атап өтуінше, министрлікке педагогтар тарапынан ұзақ жылдар бойы жұмыс істесе де, еңбегіне орай еш награда алмағаны жайлы шағым жиі түседі.

«Біздің әрқайсымыз үшін ұстаз – өмір жолымызды айқындайтын, тұлға болып қалыптасуымызға негіз қалайтын адам. Ұстаздар талай ұрпақты оқытып, тәрбиелейді. Сондықтан да біз педагогтың бұрынғы имиджін одан сайын көтеруге міндеттіміз. Ол үшін министрлік білім саласында 30 және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар мұғалімдерді «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау жөнінде шешім қабылдады», – деді Ғани Бейсембаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.