Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрі Әл Нуаймимен кездесу туралы

0 41

2023 жылғы 12 шілдеде Бас Прокурор Берік Асыловтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрі  Абдулла Сұлтан бин Ауад Әл Нуаймимен кездесуі өтті.

Кездесуге Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігінің делегациясы, Қазақстанның Әділет министрі Азамат Есқараев, Сыртқы істер министрлігінің және Бас прокуратураның қызметкерлері қатысты.

 

Тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда, іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялаудың, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің, терроризмге қарсы күрестің және елден заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың бірқатар мәселелерін талқылады.

Бас Прокурор Қазақстандағы негізгі заңнамалық реформалар, қадағалау органының басым бағыттары және халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту туралы хабардар етті.

Берік Асылов сондай-ақ, ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды арттыруға қосымша серпін беретін бүгінгі кездесудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Абдулла Сұлтан бин Ауад Әл Нуайми құқықтық саладағы екіжақты қатынастарды нығайтуға қызығушылығын білдірді.

Тараптар қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте әріптестік туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.