Биыл 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты 33 қылмыстық іс тіркелді

0 8

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларына қатысты жұмыс тәсілдерін жетілдіруде.

Атап айтқанда, аналитикалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы «жазалаушы» постфакторлық әдістен профилактикалық әдіске көшу жүзеге асырылды. Сонымен қатар қ олданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі әзірленді.

«Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан астам осындай сайттар бұғаттауға жіберілді. Биыл барлығы 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген», – деп жазды ведомстводан.

Сот 7 қылмыстық істі қарады, олар бойынша 11 адам сотталды, оның ішінде 1-еуі шет мемлекеттің (Украина) азаматы.

«Барлық тұлғаларға нақты мерзімге – 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚМА азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады», – делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.