Болат Назарбаев пен оның бірінші әйеліне қылмыстық іс қозғалды

0 32

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты шағым бойынша қылмыстық іс қозғау фактісі расталды, деп хабарлайды NewTimes.kz ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«17 маусымда осы мәлімдеме негізінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің «Рейдерлік» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп хабарлады прокуратура.

Маусымның 20-сы күні белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға рейдерлік шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын. Кейін қаржы мониторингі агенттігі Нұрша Кәкеновтен «Қаруан» ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алу туралы арыздың алынғанын растап, арызданушының уәждерін тексеріп жатқанын айтты, бірақ АФМ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын растамаған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.