Дзюдо: Қазақстан жалпы есепте 4-орынға тұрақтады

0 11

Елордада дзюдодан Азия біріншілігі аяқталды. Қазақстан құрамасының еншісінде 8 медаль бар.

Құрлықтық додада Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алды. Нәтижесінде олар жалпы командалық есепте 4-орынға жайғасты. Ұлттық құрама сапында Данияр Шамшаев (73 келі) алтын алды.

Ал Ислам Бозбаев (100 келі) пен Абиба Абужақынова (48 келі) күміс медаль иегері атанды.

Сондай-ақ Нұрлыхан Шархан (100 келі), Дидар Хамза (90 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Мағжан Шәмшадин мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола медаль алды.

Жалпыкомандалық есепте Жапония 12 (9-3-0) медальмен бірінші орынға жайғасты.

Одан кейінгі орындарға орналасқан Моңғолияда 7 (2-0-5) медаль, Өзбекстанда 9 (1-2-6) медаль бар. Айта кетcек, құрлықтық дода қорытындысы бойынша барлығы 10 елден балуандар жүлдеге қол жеткізді.

Олардың қатарына аталған құрамалардан өзге Оңтүстік Корея, Қытай, Тәжікстан, Тайвань, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірлігі спортшылары енді.

Аталған додада Азияның 19 елінен келген 200-ден астам балуан 14 салмақта бақ сынады. Олардың қатарында еліміздің атынан 18 балуан сынға түсті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.