Екі аптаның ішінде 81 жаңа мектептің ашылуы жоспарланып отыр – Смайылов

0 7

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов 213 мектеп толық жөндеуден өтетінін айтты.

Жаңа оқу жылының басталуына  екі апта қалды. Оған дейін  81 жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр. 213 мектеп  толық жөндеуден өтеді. Сонымен қатар    Батыс Қазақстан, Түркістан,  Алматы облыстарында  және Алматы қаласындағы бірқатар білім ошағында  жөндеу жұмыстарының аяқталмай қалу қаупі бар. Сондықтан  аталған өңірлер   шұғыл шаралар қабылдап, жаңа оқу жылына дайындықты толық көлемде қамтамасыз етуі керек. Бұл  жоспарланған мектеп құрылысына да қатысты, – деді Әлихан Смайылов.

Ол атағандай, қазіргі таңда   білім беру объектілерінің  бәрі бірдей  қауіпсіздік талаптарына сай емес.

Бұл мәселені ерекше бақылауға алып, балалардың қауіпсіздігі үшін тез арада   тиісті шараларды қабылдау қажет. Оқушыларды тасымалдауға  515 жаңа автобус сатып алынады. Биыл  мектепке қажетті киім-кешек пен  канцеляриялық тауарларды өздері сатып алу үшін  аз қамтылған отбасылар  кемінде 37 мың теңге көлемінде  ақшалай қаражат алады. Мұндай көмек 470 мыңнан астам балаға көрсетіледі, – деді ол.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.