Екі баласын өлтірді деген күдікті әйел Шымкенттегі қонақ үйден ұсталды

0 365

Түркістанда жалдамалы пәтерге барып, екі баласын өлтірді деген күдікті әйел қолға түсті, деп хабарлайды Бақ-Орда.

“Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды”,- деп хабарлады Түркістан облыстық ПД бастығы Мұрат Қабденов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, 7 ақпанда Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың денесі табылған болатын. Балалардың анасы оларды өлтірдім деп танысына қоңырау шалған және денелері жатқан пәтердің мекен жайын берген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.