Екібастұз маңында пойыз апаты болып, жүк көлігінің жүргізушісі мерт болды

0 14

Екібастұз маңында пойыз апатынан жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Бақ-Орда “Адырна” ұлттық порталы.

“24 қаңтарда сағат 17:10 шамасында Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін темір жол өткелінде 49 жастағы жүк тиегіш арнайы техникасы электровозбен соқтығысқан”, делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына жүк тиегіш, депоға электровоз қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.