«Етеккірі келді»: 3 жасар қыз баланың анасы балабақшадағы сұмдықты жайып салды (видео)

0 30

Балабақшадағы алғашқы күні «етеккірі келген» 3 жасар қыз баланың анасы балабақшадағы сұмдықты жайып салды, деп хабарлайды БақОрда  тілшісі KYN.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2023 жылдың 3 шілде күні болған. Анасы 3 жасар қызын балабақшаға тастап, жұмысына кеткен. Содан кейін балабақшадан хабарласып қыздың жағдайын айтқан. Баланың анасы  жедел жәрдем шақыруын сұрап, өз жұмыстан барғандығын анасы айтуда.  «Сәлеметсіздер ме?! Менің есімім Айсұлу. Мен кімге барып көмек сұрарымды білмеген соң, осылай көмек сұрап отырмын. Оқиға 3 шілдеде 2023 жылы болды. Менің өзімнің қызымды жеке балабақшаға апардым. Алматы қаласындағы Мамыр 4, 204 үй happykids деген балабақша. Тәрбиешісіне  жақсы күйде апарып, өзім жұмысқа кеттім. 9:30 маған сіздің қызыңызды етеккір келіп жатыр деп хабарласты. Менің 3 жасар қызыма  етеккір келді деді. Мен олардан тез жедел жәрдемді шақыруын сұрап, жұмыстан шықтым. Мен ол жаққа барған да оны жедел жәрдем қызметкерлері қарап 2 қалалық ауруханаға апарды. Мен не болды деп сұрадым. Ешкім ештеңе білмейді. Ешкім жауап бермеді. Олар не болғанын да білмейді. Хирург қарады. Ол 3-4 см жыныс мүшесінің ашылып, зақымданғанын айтты. Сол күннен бастап біз ауруханада жаттық. Тексерістер жүргізді . Менің балам 2 күн бойы  дәрет сындыра алмады. Жылады. Оған өте ауыр болды. Қазір директор ешкім ешкім кешірім сұрамады.Керісінше, мені кінәлауда дейді. Себебі, мен жалғыз қызымды тәрбиелеп жатқанымды біледі. Ешкімнен көмек сұрамаймын. Ешкім маған көмектеспейді. Директор мен қызымды солай апарғанымды айтуда. Жараланған күйде әкеліп, жұмысқа кетті деуде. Олар хабарласқанда мен кешке дейін бола тұрсын жұмыстан соң әкетемін дедім. Мен бейнебақылаудың жазбасын сұрадым. Олар оның жоқ екенін айтты. Мен қызымның гигиеналық тазалығын қарамайтындай қылды. Мен қызымның киімдерін жумай беріду сұрадым, олар жуып берді. Іш киімінде сонда да қан болды. Демек, ол өте көп қан жоғалтты.  Мен қазірге дейін білмеймін қызыма не болғанын. Қазірдің өзінде маған дұрыс қарауға мүмкіндік бермейді. Жара кетеді, бірақ орны қалады, психологиялық түрде балаға қиын. Онда шын мәнінде не болғанын білуге көмектесіңіздерші. Қызымды қорғауға көмектесіңіздерші. Себебі, менің жалғыз қолымнан келмейді»,- деді 3 жасар қыздың анасы. Қазір 3 жасар қыздың анасы жалғыз өзінің шамасы жетпейтінін айтып, көмек сұрауда.

Ойнет жаңалықтар сайты: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=54338
© Oinet.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.