Фируза Шәріпованың үйіне ұры түскен сәт видеокамераға жазылып қалған

0 13

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпованың үйіне ұры түскен сәт видеоға таспаланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Бейнежазбада ұзын бойлы және арық ер адамның спортшы үйінің ауласын аралап жүргенін көруге болады. Алайда оның түрі көрінбейді.

Еске салайық, Фируза Шәріпова 2023 жылдың көктемінде Малави чемпионы Рут Чисейлге қарсы өтетін алдағы жекпе-жекке дайындалу үшін Таиландтағы оқу-жаттығу жиынына кеткен.

Қарақшы оның тұратын үйіне түнде кіріп, сөмкеде тұрған ақшасын ұрлап кеткен.

Видеодан алынған кадр/t.me/allsportskz

Leave A Reply

Your email address will not be published.