Футбол алаңынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды

0 110

Нұр-Сұлтан қаласында 38 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды    Baq-orda, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Биылғы 26 шілде күні сағат 10:11-де «102» арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті», – деген хабар таратты полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінде аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетсек, кеше Алматыда Терренкур тоғанынан ер адамның денесі табылғанын хабарлаған едік. Одан бөлек, осыдан 2 күн бұрын Шымкентте әлдекім көшеде 19 жастағы жігітті өлтіріп кеткен болатын.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.