Google істен шықты

0 9

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 7:12-де Google-дің іздеу жүйесі істен шықты.

Downdetector.com. онлайн бақылау сайтының мәліметі бойынша дүние жүзінде 40 мың адам осыған байланысты шағым түсірген. Мәлім болғандай, АҚШ, Австралия, Оңтүстік Африка, Кения, Израиль, Оңтүстік Америка, Еуропа мен Азия елдеріндегі тұтынушылар іздеу серверін сол мезетте қолдана алмай қалған. Сондай-ақ Google-ге қарасты джимайл мен гугл мапстың жұмысы бәсеңдеді. Әзірге компания бұған қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Дереккөз: «Хабар 24» телеарнасынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.