Индустриалды аймақтың әлеуеті

0 12

Кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты көрсеткіш – елдің экономикасы. Ал экономиканың бәсекеге қабілетті болуының басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процестерге бет бұру.

Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге, өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған. Ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай, инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес.

Индустриалды-инновациялық саясат – мемлекет арқылы бәсекеге қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау. Өнімнің, тауардың бәсекеге қабілеттілігі ең алдыңғы орынға шығып отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық қызмет шешуші мәнге ие. Дамыған елдердің экономикасының үздіксіз алға басуы инновациялық қызметті үнемі қолдап, қуаттайтын және ынталандыру арқылы жүзеге асып отыр. Бұл саясат ел экономикасының бұзып-жарып алға шығуын қамтамасыз ететін озық технологияны, басқарудың жаңа түрлерін, ғалымдар мен өнертапқыштардың ойлап шығарған жаңа дүниелерін тез өндіріске енгізіп отыруға бағытталған.

Бұл тұрғыдан келгенде, облыста бірнеше индустриялық аймақ құру жұмыстары жүруде. Соның бірі – Қаратау қаласының шығыс бетінде 3 шақырым ара қашықтықта, Қаратау-Тамды тас жолының бойында, Тамды ауылдық округінің жерінде орналасқан. Индустриялық аймаққа аудандық жер қорынан  49 га жер берілді. Аймаққа бөлінген жер учаскесі Тараз индустриялды аймақ кәсіпорнының басқаруына берілген. Индустриялық аймақтың Концепциясы жасалынған.

Индустриялық аймақтың жер учаскесі жазық жер, аудан орталығына жақын орналасқан, төңірегінде  автомобиль тас жолы өткен және маңында ірі кәсіпорын – «Talas Investment Company»ЖШС шоғырланған. Бұл кәсіпорыннан Индустриялық аймаққа инфрақұрылым тарту қолайлылық туғызады.

Қазіргі таңда 20 га жер «Азия хим» ЖШС-не берілген. Жоба құны 5,0 млрд тенгені құрайды. Жылына 150,0 мың тонна фофор тыңайтқышын шығарады. Жұмыс орны 100 адамды құрайды.

Қалған жер бойынша аграрлық сала немесе басқа да салалар бойынша жобаларды шоғырландыру көзделуде.

Бұдан бөлек, ауданда туризмді дамытуға да көңіл бөлініп келеді. Облыс әкімдігінің туризм басқармасының Жамбыл облысында туризм саласын дамытудың 2020-2022 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес Талас ауданындағы туризм әлеуетін көтеру мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған іс-шара жоспары әзірленуде.

2022 жылға облыс және аудан көлмінде 5 экскурсия жоспарланып отыр. Ауданның территориясында орналасқан тарихи-мәдени объектілер бойынша ақпараттық брошюралар шығару және кәдесыйлардың 4 түрін анықтап, шығару. Қосымша аудан әкімдігінің мәдениет бөлімімен бірлесе отырып, ауданда орналасқан тарихи-мәдени ескеркіштердің паспорттарын жаңарту бойынша тиісті ауылдық округ әкімдеріне ұсыныс жасау және объектілердің территорияларын күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуін қадағалау.

Leave A Reply

Your email address will not be published.