ІТ-маманды қорқытып, заңсыз майнигке мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды

0 17

Ішкі істер министрлігі 5 өңірде қылымыстық топтың ұсталғаны туралы мәлімет таратты.

«Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Алматы қалалық полиция бөлімінің мамандарымен бірге Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының аумағында бірлескен операция жүргізіп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады», – деді ведомствоның өкілі Ақтоты Боранова.

Министрліктің мәліметі бойынша, аталған топқа қатысы бар деген күдікпен 23 адам ұсталған.

«Бұрын сотталған және қылмысқа бейімі бар адамдардан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері күш көрсету арқылы, оның ішінде қару қолдану арқылы табыс табуға маманданған. Яғни, борышты күшпен қайтарту, тонау және заңсыз майнигке қамқорлық көрсету сияқты заңсыз жұмыстармен шұғылданған. Өздерінің бақылауындағы Талғар ауданында орналасқан майнинг фермалардың есебінен қылмыскерлер ай сайын 300-500 мың доллар алып отырған. Заңсыз майниг фермаларды тінту кезінде қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды»,- дейді ІІМ өкілі.

Күдікті топтың майнинг фермаларға «қамқорлық көрсету» кезінде тіпті ІТ-маманды еркінен тыс жұмысқа тартқаны мәлім болған көрінеді.

«Қылмыскерлер 36 жастағы ІТ-технологиялар саласының маманын қылмыстық «есепшотқа» тіркеп қойған. Оны қорқыту арқылы майнинг фермалардың жұмысын ұйымдастырып отырған. Заңсыз қару сақталған орындарды анықтау үшін оперативті тәсілдер қолдану кезінде қылмыстық топтың 3 мүшесі ұсталды. Тінту кезінде жедел уәкілдер қылмыс қарулар мен құраларынан бөлек жалпы құны 7млн доллар болатын заңсыз майнигке қажет 6 000 қондырғы, Макаров тапаншасы және 3 жалған көлік нөмірі тәркіледі», – деді Ақтоты Боранова.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.